27 сәуір күні Принтмедиа технологиялар колледжінің базасында білім беру саласының өкілдері, бизнес қауымдастығы және халықаралық серіктестер жиналып, жаңа буын мамандарын даярлау және заманауи нарық талаптарын талқылады. Негізгі назар баспа жабдықтарын баптаушыларды даярлауға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибеге бағытталған оқытуды жетілдіруге аударылды.
Маңызды қадамдардың бірі - Гонконг қаласынан келген Wing King Tong Printing Group компаниясымен халықаралық серіктестікті нығайту болды: өндірістік базада тағылымдамалар ұйымдастыру, мамандарды оқыту, сарапшыларды білім беру процесіне тарту және оқу зертханаларын дамыту мәселелері талқыланды.
Күннің басты оқиғасы — «LOGIC» компаниясымен бірлескен зертхананың ашылуы болды. Бұл зертханада студенттер заманауи жабдықтармен жұмыс істеп, нақты өндірістік технологияларды меңгере алады.
Бағдарлама аясында панельдік пікірталас, этнофотография бойынша шеберлік сабағы және саланың жетекші кәсіпорындарына кәсіби экскурсиялар да ұйымдастырылды.
Сараптамалық сессия білім беруді дамытуға және түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арт
2026 жылғы 28 сәуірде (сейсенбі) Wing King Tong Printing Group компаниясы үшін «Дәуір» республикалық полиграфиялық баспа кешені» ЖШС базалық кәсіпорнына экскурсия ұйымдастырылды.
Сапар барысында Wing King Tong Printing Group компаниясының өкілдері кәсіпорынның өндірістік қуаттарымен, заманауи баспа технологияларымен және өндірістік процесті ұйымдастыру жүйесімен танысты. Экскурсия қатысушыларына полиграфиялық өнімдерді дайындаудың негізгі кезеңдері көрсетіліп, жоғары сапалы баспа саласындағы кешеннің мүмкіндіктері таныстырылды.
Тараптар алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, тәжірибе алмасты және полиграфия саласындағы серіктестік байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Экскурсия іскерлік әрі конструктивті атмосферада өтті.