ЖАС ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕЗДЕСУ

2026 жылғы 5 қараша күні Принтмедиа технологиялар колледжінде жас педагогтердің кәсіби және цифрлық құзыреттілігін дамытуға бағытталған әдістемелік кездесу өтті.
Кездесу барысында ChatGPT Edu құралдарын тиімді пайдалану, педагогтің жеке кәсіби стилін қалыптастыру, жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде қолдану және кәсіби тұрақтылық психологиясы мәселелері қарастырылды.
Іс-шара тәжірибе алмасуға, жаңа білім мен заманауи педагогикалық әдістерді меңгеруге мүмкіндік берді.