13 қазанда «Адал азамат» жобасы аясында Алматы Принтмедиа технологиялар колледжінде жастар арасында ғылымды насихаттауға бағытталған Science Open Talks / Ғылым Revolution форматында «Ғалым қалай ойлайды: ғылыми әдіс» атты мазмұнды ашық кездесу өтті.
📌 Іс-шараның негізгі мақсаты:
Жастардың ғылымға деген қызығушылығын оятып, озық ойлы, саналы және ізденімпаз «Адал азамат» ұстанымын берік ұстанған жас буынды қалыптастыру.
💡 Іс-шара спикері: Ерік Серікұлы Меркібаев
Ғалым, Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессор студенттермен өзінің ғылыми тәжірибесімен бөлісті. Спикер ғарыш пен ғылымның адамзат болашағындағы маңызына тоқталып, жастарды ізденіске, білім мен ғылымды ұштастыра білуге шақырды.
💬 Студенттердің белсенділігі мен пікір алмасу:
Кездесу еркін диалог алаңына ұласып, колледж студенттері өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Жастар заманауи ғылым мен ғарыш бағытындағы жаңашыл жобалар төңірегінде пікір алмасып, көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауап алды. Бұл формат жастардың көшбасшылық қабілетін шыңдап, болашаққа деген сенімін арттыра түсті.